Қызылорда облысында тұмауға қарсы вакцина салу басталды

Жыл сайын екпе 1 қазаннан бастап салынатын. Биыл 15 қыркүйектен қолға алынды. Қызылорда облысы бойынша биыл 90 000 вакцинаға сұраныс берілген. Халықтың 11,4%-ін қамтуға мүмкіндік бар.

Вакцинаны бірінші кезекте медицина қызметкерлері, созылмалы аурулары бар науқас балалар мен ересектер, қарттар үйі мен сәбилер үйінің балалары, жүкті әйелдер алады.

Осы ретте Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов көпшілікпен бірге №3 емханада тұмауға қарсы вакцина салдырды.