Індетке байланысты балалардың басым көпшілігі қашықтан оқып жатыр. 2,6 миллион бала қашықтан, 800 мың бала дәстүрлі форматта білім алып жатыр. Оны да ұмытпауымыз керек. Мысалы, кезекші кластарда 547 мың бар. Бұл — жалпы контингенттің 16%-і. Олар күнде-күнде мектепке барып, кәдімгідей сабағын оқып, жалғастырып жатыр. 250 мың бала 180 мектепте дәстүрлі форматта оқып жатыр. Бұл — контингенттің 7,3%-і, — деді Білім және ғылым министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.
Асхат Аймағамбетов те білім беру саласында проблеманың бар екенін мойындады.
Сабақ болмай жатыр деп айту дұрыс емес. Өйткені 500 мың әріптесіміздің күн демей, түн демей істеп жатқан жұмысын сызып тастауға болмайды. Өте ауқымды жұмыс істеп жатыр. Проблемалар бар ма дегенде, әрине, проблемалар бар. Оны біз білеміз. Олар бойынша біз әріптестемізбен, ұстаздармен, мектеп басшыларымен күнделікті жұмыс істеп жатырмыз, ары қарай да бұл жұмысты жалғастырамыз, — деді ол.
Айта кетейік, кеше, 9 қыркүйекте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова да Zoom-дағы порно жайлы түсінік берді.