Алматы облысында әл-Фараби мен Абайға арналған байқау жарияланды

«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 2020 жылғы жоспарға сәйкес дәстүрлі түрде облыстық онлайн форматта «Әл-Фарабидің рухани мұрасы» және «Абай шығармашылығындағы діннің рөлі» мақалалар байқауын өткізеді.

1. Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1.1. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің мұраларын және біздің елдегі, сонымен бірге шетелдегі әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін зерделеуге қуатты серпін беретінін, жастардың ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру;

1.2. Әл-Фараби мұрасын зерделеуде жаңа серпін беру, әлем тарихындағы оның рөлін айқындап, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтау;

1.3. Абай хакімнің ислам әлеміндегі көрнекті ойшылдар қатарында тұрған тұлға, қалдырған мұралары мен ілімі барша адамзатқа ортақ екенін көрсету;

1.4. Ұлы ойшылдардың өз дәуірінде ұлттық жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырғанын бүгінгі күннің өзектілігімен байланыстырып, оның ішінде теріс ұғымдардан, деструктивті діни көзқарастардан сақтандыру жолдарын көрсету;

1.5. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Сондықтан ұлтымызды жаңғырту ісінде Абай еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды пайдалану;

1.6. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақ санасына ғұламалардың терең ойлары мен тамаша тағылымдарын сіңіру. Бабалар дүниетанымына, ұстанымына сай, қазақы сипаттағы бағытын қалыптастыру, дамыту;

1.7. Ұлт болмысы, діні, ділі, тілі, рухы бүгінгі ұрпаққа қандай көрініс беретіндігін көрсету.

2. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

2.1. Байқауға өңірдегі облыстық, қалалық, аудандық және өңірлік газеттердің журналистері және әртүрлі сала мамандары (мектеп және жоғарғы оқу орындарының ұстаздары, аудан-қала имамдары, дінтанушылар) қатыса алады;

2.2.Байқауға қатысушылардың облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кемінде 2 (екі) мақаласы жіберілуі керек;

2.3. Ұлы ойшыл әл-Фарабидің идеялары мен қағидаттарының теориялық негіздерін жаңа заманға сай пайдалану;

2.4. Ұсынылатын материалдарда Абайдың белгілі бір өлеңі немесе бір қара сөзі басты нысана ретінде алынып, дінмен байланысын  талдау;

2.5. Байқауға жіберілетін мақалаларға қосымша журналистің аты-жөні мен тегі, мамандығы, жұмыс орны көрсетілуі керек;

2.6.Діни ахуал жайлы анонстық хабарламалар және мақалалар байқауға қатыстырылмайды;

2.7. Байқауға қатысушылар «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ-нің әлеуметтік желідегі (youtube, instagram, facebook, вконтакте) парақшаларына тіркелуі керек.

3. Мақалаға қойылатын талаптар:

3.1.Мақаланы бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі;

3.2. Әр автордың шығармасы компьютермен Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі және мақала 3-5 беттен аспауы керек;

3.3. Мақаладағы тақырыптың  толық ашылуы, жазу стилі, немесе жеткізу тілінің мәнерлілігі, материалдың жанрлық ерекшелігі, дәлдігі әрі түсініктілігі, қатысушылардың мақалаларды жазудағы деректерді пайдалану шеберлігі және сауаттылығын көрсету.

4. Байқау кезеңдері:

4.1. Байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау (20 ақпаннан – тамыздың аяғына дейін);

4.2. Материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау (20 тамыз – 1 қыркүйек аралығы);

4.3.Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау күні  алдын ала хабарланатын болады.

5. Қазылар алқасы:

Жеңімпаздарды қазылар алқасы сараптай отырып таңдайды.

Іріктеу кезеңінде мақаладағы стилистикалық сауаттылық, интеллектуалдық деңгей, байқау талабынан ауытқымау, эмоциялық әсер ескеріледі.

6. Жеңімпаздарды марапаттау

Қазылар алқасы анықтаған байқау жеңімпаздары ІІ категория бойынша дипломдармен және арнайы ақшалай сертификаттармен  марапатталады.

Байқау жеңімпаздарына 780 000 тг сыйақы қарастырылған:

Екі – бірінші орын (журналистерге 120 мың, сала мамандарына 100 мың теңгеден).

Екі – екінші орын (журналистерге 100 мың, сала мамандарына 80 мың теңгеден).

Екі – үшінші орын (журналистерге 80 мың, сала мамандарына 60 мың теңгеден).

Алты – ынталандыру сыйақылары белгіленген (журналистерге 40 мың, сала мамандарына 40 мың теңгеден).

Байқауға ұсынылған материалдар мына электронды адреске жолдануы тиіс:

Байланыс телефоны: 8(7282) 40-13-39, e-mail: [email protected]

«Әл-Фарабидің рухани мұрасы» және «Абай шығармашылығындағы діннің рөлі» облыстық онлайн форматта өтетін

мақалалар байқауына өтініш

Қатысушыларының тіркелу формасы

Аты-жөні:

 

 
Туған күні:  
Байланыс телефоны:

E-mail:

 

 

Мен мақалалардың авторымын

және автор құқығына иемін.

 

Мен жеңімпаз бола алмаған жағдайда,

жүлдеден үміттенбеймін

және Алматы облыстық

дін саласындағы

мәселелерді зерттеу орталығы

байқауға ұсынылған

менің жұмыстарымды

қолдануына қарсылық келтірмеймін

Қандай да бір үшінші

тараптың менің жұмыстарымды

қолдануға құқығы жоқ.

Мен ұйымдастыру комитеті

ұсынған ереженің

талаптарын қабылдаймын.

Мақала туралы мәліметтер

(атауы, қай номинацияға

ұсынылған, ұзақтығы,

жұмыстың жетекшісі)

 

Қолы ______