1. Ботаның әңгімесі: балалар үйі, жалған диагноз, құлдық, Victoria’s Secret іш киімі

Бота Сүлейменова
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

«Мүгедектер үйіне үйрене алмай күнде жылайтынмын. Сосын директор тор бөлмеге қамап қойды. Ол қараңғы бөлмеде өткізген 6 ай мен үшін ең қорқынышты уақыт болды. Терезеден басқа ештеңе көрмейтінмін. Қыс болған соң далаға шығармайтын, тек әжетханаға барып келемін. Тамақты сол жерге әкеліп береді, басқалармен темір тор арқылы сөйлесемін. Мәрзия бағынбаған адамдарды сол жерге жазалау мақсатында қамайтын. Бөлменің іші суық, темір тордан суық жел ұрып тұрады. Түрмедегі жағдай ондай жаман емес шығар», — дейді Бота есімді кейіпкер.

34 жастағы Бота балалар үйінде өскен. Кішкентай кезінде қойылған «ақыл-ойы кем» деген жалған диагноз оған басқалар сияқты оқу оқып, тұрмысқа шығып, ана атануға мүмкіндік бермей келіпті. Анықтаманың кесірінен Бота мүгедектер үйіне түсіп, одан кейін бір үйден екіншісіне көшіп, 16 жыл құлдықта өмір сүруге мәжбүр болған. Бота қиын тағдыры, көрген зәбірі және құлдық өмірден қалай құтылғаны жайлы әңгімесін Baribar.kz-ке айтып берді. Бұл — тамызда ең көп оқылған материал.

2. Ұялы телефонда болуы керек 5 медицина қолданбасы

қосымша
Иллюстрация: Synegys.com

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емхана мен аурухана медицина құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшті. Мұндай өзгеріс азаматтардың денсаулық паспорттарын электронды түрде жүргізуге, ауруханадағы ұзын-сонар кезекті жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Baribar.kz оқырмандары да онлайн қызмет көрсетететін және ұялы телефонда болуы қажет медицина қолданбаларын іздеген екен.

3. “Дұшпаныма тілемес едім”. Пневмониямен ауырған адамның әңгімесі

Пневмония, өкпе
Иллюстрация: Dribbble.com/©Kotryna Zukauskaite

Мұғалім Нұржан Жақсытаева екіжақты пневмониямен ауырған. Ә дегенде әдеттегі тұмау шығар деп өз бетінше емделіпті. Кейін дәрігерге барып, антибиотик салдырған. Өкпесі қабынып ауырғандардың әлсіреп, жатып қалатыны айтылып жүр. Кейіпкердің айтуынша, өзі тура сондай жағдайды бастан кешкен. Нұржан Жақсытаева қалай ауырғанын, қандай ем қолданғанын Baribar.kz-ке айтып берді.

4. Ғылым-дайджест: Билл Гейтстің вирус жайлы болжамы және басқалар

Рентген фотосындағы балық және оның тіліне айналған паразит. Дереккөз: Twitter / Kory Evans @Sternarchella

Пандемия кезінде адамдардың коронавирус инфекциясына, денсаулыққа қатысты ақпаратты көбірек оқитыны, іздейтіні сөзсіз. Дегенмен оқырмандар Baribar.kz әр апта сайын жариялайтын ең елеулі және өзекті деген ғылым жаңалықтарына да көз жүгіртуді ұмытпапты. Мысалы, балықтың аузынан табылған қанішер паразит, Арктиканың мұзының еруі, церераның бетінде тұзды мұхит, Билл Гейтстің коронавирус туралы болжамы және жерді 1,5 секундта айналып өтетін жұлдыз сияқты тақырыптарға қызыққан.

5. Қазақстанда педофилді өлім жазасына кесу керек пе?

балалар
Иллюстрация: Magdalene.co

Сәтбаевта 5 жасар қызды ұрлап, «зорлады» деген күдікпен 62 жастағы азамат ұсталды. Оған қатысты «бала ұрлау» және «зорлау» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл оқиға халық арасында үлкен дүрбелең тудырды. Сәтбаев тұрғындары бала табылған үйдің және полиция бөлімшесінің алдына жиналып, күдіктіні қолға беруді талап етті. Оқиғадан соң әлеуметтік желіде «бала зорлаған педофилдерді өлім жазасына кесу керек» деген пікір де жиі айтыла бастады. Қазақстан заңмасында мұндай қылмыскерлерге қандай жаза қолданылады? Оларды өлім жазасына кескен дұрыс па? Осындай өзекті сауалдарға мамандар жауап берді. Бұл тақырып Baribar.kz аудиториясына қызық болған топ-5 материалдың қатарына кіреді.