«Қазгидромет» мамандары 25-27 тамыз күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, көп өңірде ауа температурасы көтеріледі.
Қазақстанның кей жерде найзағай ойнайды, тұман түседі, дауыл тұрады, желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерін қоспағанда, көп өңірде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, — деп хабарлады мамандар.