Алдағы 3 тәулікте оңтүстіктен басқа өңірлерде толассыз жаңбыр жауады

Олардың мәліметінше, алдағы 3 тәулікте Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын жоғары циклон анықтайды.

Елдің батысы мен оңтүстік-батысында толассыз жаңбыр жауады, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

Кей жерде найзағай ойнайды, тұман түседі, дауыл соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасына келсек, күндіз температура 20-25 градусқа дейін төмендейді, кей жерде 28 градус жылы болады, — деп хабарлады синоптиктер.