Марат Шибұтов: Алматы праймеризге үлкен қызығушылық танытып отыр

Кездесуде тәуелсіз бірлестіктердің, оның ішінде өңірлерден келген 50-ден астам өкілі сұрағын қойып, Nur Otan партиясының праймеризін ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын талқылады.

Nur Otan-ның кейбір қарсыласы билеуші партия белсенділерді өз қатарына қосып алуды көздейді деген желеумен адамдарды праймеризді елемеуге үгіттеп жатыр. Бірақ біз мұндай үгіттің керісінше әсер ететінін көріп отырмыз. Өйткені бұның сайланушы органдарға кірудің нақты мүмкіндігі екенін бәрі түсінеді. Алматыда тіркеу басталған бір-екі күннің ішінде бір орынға екі адамнан таласып отыр. Ал олардың 38%-і — әйелдер, яғни квота әйелдерді саяси процестерге тартудың пәрменді тетігі болып тұр, — деді Марат Шибұтов.

Іс-шараға барлық өңірден 50-ден астам тәуелсіз бірлестіктердің өкілдері қатысты. Олардың арасында Ерлан Саиров, Бағдат Қожахметов, Әлия Садырбаева, Марат Шибұтов, Марал Ерғазина, Ильмар Хусаинов бар.

Еске салайық, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталды және ол 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бөлінеді. 7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі.

Ақпаратты Primaries.kz/ сайтынан толық біле аласыздар.