Ақан Сатаев: «Қазақфильмдегі» өрттің әдейі жасалғаны анық

Мен, өкінішке қарай, жанып кеткен «Қазақ хандығы» кинокартинасының декорациясының ортасында тұрмын. Өртенген екінші нысан осы жерден 200 метр қашықта орналасқан. Өрттің әдейі жасалғаны анық. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі жағдайдың шығыны аса көп емес. Біз осыны жасаған қылмыскерлерді табамыз деген үміттемін. Қала басшылығы мен өрт сөндірушілерге жұмысы үшін алғыс білдіремін, — деді Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында.