Түркия Қазақстаннан әуе рейсін орындауға себепсіз тыйым салды

5 тамыз күні сағат 18.00-де Air Astana әуе компаниясының Алматы-Ыстамбұл бағытындағы ұшағы ұшу-қону жолағына шыққан кезде түрік авиациялық билігі қоңырау шалып, Қазақстан тасымалдаушыларына Түркияға ұшуға тыйым салынғаны туралы хабарлады.

Ал «Түркия мен Қазақстан арасында рейстерді орындауға тыйым салу және тек Түркияның Сыртқы істер министрлігі үйлестіретін репатриациялық рейстерді орындау мүмкіндігі» туралы ресми хат тек бір сағаттан кейін жолданыпты.

Air Astana әуе компаниясының рейсі екі сағаттан кейін ғана бір жолғы рұқсат алып, 101 жолаушыны діттеген жерге жеткізді.

Түрік тарапы Air Astana компаниясына да, Қазақстанның авиациялық билігіне де, екі ел елшіліктеріне де бұл тыйым туралы алдын-ала хабарламаған. Бұл рейстің едәуір кешігуіне себепші болып, жолаушыларға қолайсыздықтар туғызды.