Басты бетЖаңалықтарӨшпенділік тілі...

Өшпенділік тілі мен жалған ақпаратқа қалай қарсы тұруға болады?

MediaNet халықаралық журналистика орталығы мәліметінше, QLEVER платформасы медиасауатты арттыруға бағытталған білім береді және интерактив ойындар ұсынады. Ол Android компьютерлері мен ұялы телефондарға жүктеледі. QLEVER Қырғызстандағы, Қазақстандағы, Өзбекстан және Тәжікстандағы Орталық Азия жастарының өшпенділік тіліне, жалған ақпарат пен фейкке қарсылығын нығайтуға және сыни ойлау мен медиасауат дағдыларын пысықтауға бағытталған. Ойындардың мазмұны төрт елдегі медиакеңістікті бақылау нәтижелеріне негізделеді. Жастар ойын ойнай отырып, ұпай жинайды және оларды мобайл бірліктер мен жүлделерге айырбастай алады.

Орталық Азия елдерінде медиасауат деңгейі жоғары емес. Азаматтардың медианың қоғамдағы демократиялық ролі мен жауапкершілігі туралы білімі терең бола бермейді. Барлық әлемдегідей Орталық Азия жастары да негізінен онлайн ресурстар мен әлеуметтік желідегі ақпаратқа сенеді. Бұл ретте дәстүрлі медиа ресурстары интернеттегі өшпенділік тілі мен жалған ақпаратқа балама бере алмай отыр. Нәтижесінде, қоғам манипуляцияға тап болады.

Ең қиыны – жастарды, әсіресе шалғайдағы ауылдық және қалалық жерлерде тұратын аз қамтылған осал санаттарды білім беру шараларына тарту. Көбінесе мұндай жастар дәстүрлі білім беру бағдарламаларына қатыса алмайды немесе қатысқысы келмейді және олармен онлайн жұмыс істеуге де ынталы болмайды.

QLEVER ойын платформасы инновациялық және интерактив ойындар арқылы мәселенің ықтимал шешімін ұсынады және жастарды мобайл бірліктерден смартфондарға дейінгі жүлделермен ынталандырады. Осылайша, платформа мақсаты – мыңдаған аз қамтылған жасты жобаға қатыстырып, олардың өшпенділік тіліне, әсіресе әлеуметтік желілердегі насихаттау мен жалған ақпаратқа қарсы табандылығын арттыру.

Мына танымдық видеодан QLEVER платформасын қалай пайдалануға болатынын білуге болады.

QLEVER

???WOW! ҚОЛЫМЫЗДАН КЕЛДІ! ???? QLEVER ойна, бал жина, заттарға, бірлікке айырбаста! ? QLEVER’ді Google Play Market арқылы тегін жүкте немесе Qlever.asia’ға кір! Сені 4 ойын, викторина, жаңалықтар мен қызықты деректер күтіп тұр! ✅ Жіберіп алма! Біз контентті үнемі жаңартамыз, демек, сенің өз сыйлығыңды алуға мүкіндігің көп!❗️❗️❗️Платформа 12 жастан асқан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен 18-ден асқан Өзбекстан азаматтарына орыс және жергілікті тілдерде қолжетімді. ? QLEVER Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен BRYCA «Орталық Азия жастарының сыни ойлауын арттыру үшін медиа және ақпараттық сауат» (BRYCA) жобасы аясында әзірленген. Жобаны дайындағандар: IREX Europe (Франция), MediaNet Халықаралық журналистика орталығы (Қазақстан), БАҚты қолдау орталығы, (Қырғызстан), Заманауи журналистиканы дамыту орталығы (Өзбекстан) және "Гурдофарид" ҚБ (Тәжікстан). #qleverasia #qleverkz #medianetkz #euБайланыс телефоны: medianet.smm@gmail.com • +7 747 987 987 9

Опубликовано МЦЖ MediaNet ХЖО Четверг, 13 августа 2020 г.

QLEVER платформасы Еуропаа одағының қаржылай қолдауымен BRYCA «Орталық Азия жастарының сыни ойлауын арттыру үшін медиа және ақпараттық сауат» (BRYCA) жобасы аясында әзірленген. Платформаны үкіметтік емес ұйымдар тобы – IREX Europe ҮЕҰ (Франция), БАҚ-ты қолдау орталығы (Қырғызстан), MediaNet халықаралық журналистика орталығы (Қазақстан), Заманауи журналистиканы дамыту орталығы (Өзбекстан) және «Гурдофарид» қоғамдық ұйымы (Тәжікстан) жасады.