Басты бетЖаңалықтарОтандық өнімдер...

Отандық өнімдер Еуропаға экспортталады

Бұл ұйым шетелге өнім жөнелтетін отандық кәсіпорындар мүддесін қорғаумен де айналысады. Бүгін Астанада өткен үйлестіру комитетінің алғашқы отырысында алдағы бағыт-бағдарлар айқындалды. Сарапшылар көбіне Еуразиялық экономикалық одақ, Қытай, Үндістан, Орталық Азия және Еуропа сынды алып нарықтарға айрықша қызығушылық танытып отыр. Айта кеткен жөн, еліміз бен Кәрі құрлық арасындағы сауда-саттық саласын дамытуға еуропалық экономикалық сенат жауапты. Оның үстіне ұйым құрамында қазақстандық өкілдер жұмыс істейді. Бүгінде үйлестіру комитеті бәсекеге қабілетті отандық кәсіпорындар қатарын нақтылап жатыр.

«Бүгінде еліміздегі алдыңғы қатарлы 20 компанияны іріктеп, оларды Еуропалық экономикалық сенат аясында дамытуды көздеп отырмыз. Сөйтіп, алдағы бес жыл бойы қазақстандық кәсіпорындар өнімін Кәрі құрлыққа таныту бағытында жұмыс істеледі. Экспорт көлемін ұлғайтумен бірге біз елімізге шетелдік инвестициялар мен жаңа технологияларды тартатын боламыз. Сондай-ақ отандық компаниялардың бәсекелестікке қарсы келетін қабілеті көтеріледі»,-деді «Алтын Орда» халықаралық бизнес-клубының төрағасы Мархаббат Балғабай.

Фото: strategy2050.kz

Дереккөз24.kz