Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 100-ден асты

Қазіргі кезде 4000-нан астам адам жарақат алған, 100-ден астам қайтыс болды. Біздің топ әлі де іздестіру, құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, — деді Қызыл Крест ұйымы өкілдері.

Айта кетейік, Бейрутта 4 тамыз күні кешке жойқын жарылыс болды. Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысына жуығы қирады. Кейінгі мәліметтерге қарағанда, 78 адам қайтыс болған. Ливанның Премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа 6 жыл бойы 2 750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған.