Ерлан Қарин Президент көмекшісі болып тағайындалды

Ерлан Қарин Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі болды. Тиісті жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылсын, — делінген жарлықта.

Ерлан Қарин 1976 жылы Түркістан облысы облысы Сайрам ауданы Ақсу ауылында туған.

1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 1997-98 жылдары Ақтөбенің №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі болып бастаған.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Прокуратурасына 25 жыл», Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдерімен марапатталған.