Қазақстанда стационарлар жабылып жатыр

Қазіргі уақытта Қазақстанда жеті провизор стационар және бір инфекциялық стационар жабылды. Жалпы саны 1070 төсек-орын, сондай-ақ алты провизор стационарда (855 орынға) төсек-орын саны қысқарды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан — Қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 төсек-орны бар инфекциялық стационар);

Шымкент — Облыстық балаларды оңалту орталығы (100 төсек-орын);

Ақтөбе облысы — БҚММУ жатақханасы (300 төсек-орын);

Атырау облысы — Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасы (30 төсек), Жылыой туберкулезге қарсы диспансері (10 төсек), Атырау облыстық ауруханасы (200 төсек);

Қарағанды облысы — облыстық кардиоорталық жанындағы «Турист» қонақүйі (100 төсек), облыстық психикалық денсаулық орталығы жанындағы ҚарМТУ жатақханасы (100 төсек).

Төсек-орын санын қысқарту бойынша:

Маңғыстау облысы — Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 төсек-орын), Жаңаөзен қалалық ауруханасы (100 төсек-орын), Бейнеу ауруханасы (30 төсек-орын), Түпқараған аудандық ауруханасы (25 төсек-орын), Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 төсек-орын);

Павлодар облысы — «Мойылды» шипажайы» АҚ базасындағы Сұлтанов атындағы госпиталь (500 төсек-орын).

Жоспар бойынша Алматыда және қалған облыстарда провизор орталықтарды жабу немесе төсек-орын санын қысқарту 2 тамызда басталады.