Асқар Мамин: Эпидемиология жағдайын одан әрі жақсартуымыз қажет

Карантин шараларының мерзімі 2 тамызда аяқталады. Жалпы осы кезеңде эпидемиология жағдайы тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылып кеткендердің саны 63%-тен асты. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-тен 1,7%-ке дейін азайды. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі 46%-ке дейін төмендеді. Айдың қорытындысы бойынша жедел жәрдемді шақыру көрсеткіші 38%-ке төмендеді, — деді ол.

Премьер-министр барлық өңір дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтылатынын жеткізді.

Осыған орай, эпидемиология жағдайын одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантин шараларын біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Қазіргі жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады, — деді Асқар Мамин.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету жоспары әзірленіп жатқанын айтқан еді.

ДереккөзBaq.kz