Жаңақорған ауданына өкпені жасанды желдететін 2 аппарат жеткізілді

Медициналық аппарат электр қуаты сөнген жағдайда 30 минутқа дейін аккумулятормен жұмыс істейді. Сонымен қатар 7 түрлі режимде жұмыс істеу ерекшелігі бар.

Ауруханаға «Шалкия Цинк ЛТД» ЖШС кәсіпорны тарапынан арнайы сақтық қорғаныш киімдері, пульсоксиметр (пульспен қанға келіп тұрған оттегі мөлшерін анықтайтын аппарат) және дәрілік заттары да берілді.

Жақында кәсіпорын демеушілік көрсету мақсатында аурухана ұсынған тізім бойынша өте қажет дәрілерді де жеткізіп бермек.