Қызылордада оттегі өндіретін цех ашылады

Осыған орай Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова медицина нысандарын аралаған кезде сала басшылары мен қала, аудан әкімдеріне ауруханаларды үздіксіз, жеткілікті көлемде оттегі баллондарымен қамтамасыз ету үшін өндіруші мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.

Бұл жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында облыстық көпбейінді аурухана жанынан оттегі өндіретін цех салу жұмысын қолға алып алынып, облыстық бюджеттен 80 миллион теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар өңірдегі 76 жасанды өкпені желдету аппаратына маусым айында 20 портатив аппарат алынып, қосымша 63-іне өтінім берілді. Осы құрылғыларды алуға жергілікті кәсіпкерлер де қолдау білдіріп жатыр.