16-18 шілде күндері Қазақстанда күн ыстық болады

Синоптиктердің болжамына қарағанда Қазақстанның барлық өңірінде дерлік жауын-шашын жаумайды.

Тек батыс пен шығыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, екпіні күшті жел тұрады және бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Еліміздің көп бөлігінде Ираннан келетін ыстық ауа массалары сақталады, бұл ауа райының ыстық болуына әсер етеді, — деп хабарлады синоптиктер.