Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимін ұзартты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, карантин шілденің соңына дейін ұзарады.

Еліміздегі эпидемиология ахуалына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет, — деп жазды Президент.

Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күн карантин режимі енгізілген еді.

Елімізде коронавирус инфекциясын барлығы 59 899 адам жұқтырды. 375 науқас қайтыс болды, 34 190 адам аурудан айықты.