Алдағы 3 тәулікте елдің батысы мен шығысында ғана жаңбыр жауады

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Иран мен Ирак аймақтарынан ыстық ауа массалары келіп жатыр, ол ыстық ауа райына себеп болады.

Республиканың батысы мен шығысында атмосфераның фронтал бөліктерінің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, екпіні күшті жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.