Алматы облысының бас санитар дәрігері қайтыс болды

Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, өлімнің мән-жайы туралы әкімдіктегілер кейінірек хабарлауға уәде берді.

Өкінішке қарай, Қайрат Қажыманұлы арамыздан кетті. Толық ақпаратты кейінірек береміз, — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында туған.

Ол 2019 жылдан бастап Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін атқарды.