Басты бетЖаңалықтарҚазақстан қор...

Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 342 теңге болды

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 24 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 341,94 (+4,14 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 137 500 мың АҚШ долларын (+10 250 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша сұраным бір юаньға 52,2285 теңгені (+0,6185 тенге) құрады, сауда-саттық көлемі – 650 мың юань (+350 мың юань).

АҚШ долларымен сауда кезінде минималды курс 333,01 теңге болды, максималды курс – 345,50 теңге, ал курс жабылу кезінде  – 345,50 теңгені құрады.

KASE мәліметіне сәйкес, АҚШ долларымен болған сауда көлемі 18 желтоқсанда 137 млн 500 мың доллар болды. Валюта операциясы бойынша келісімдер саны — 69.

18 желтоқсан күнгі доллардың ресми орташа бағамы 337,80 теңге болды.

Фото: kapital.kz

Дереккөз7kun.kz