Басты бет / Жаңалықтар /
аптап ыстық, қуаңшылық
Иллюстрация: Dribbble.com ©Szabó Andrea

7-9 шілде күндері еліміздің қай өңірлерінде күн ыстық болады?

Шығыста нөсер жаңбыр жауады, тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Республика бойынша ауаның температурасы біртіндеп жоғарылайды, ал батыста және оңтүстікте қатты ыстық болады, — деп хабарлады синоптиктер.

«Қазгидромет» мамандары ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің бірнеше өңірде ескерту жариялады.

8 шілдеде Қостанай облысында найзағай ойнайды, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

8-10 шілде күндері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының оңтүстігінде 40-42 градус ыстық болады.

8 шілдеде Ақмола облысында найзағай ойнайды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram