1. Азаматтар бойында коронавирус бар-жоғын қалай тексертіп жатыр?

ПТР, коронавирус
Иллюстрация: Dribbble.com/©Bryan Vectorartist

Коронавирус инфекциясы екі жолмен анықталады: экспресс тестілеу және ПТР сараптамасы. Экспресс тест үшін қан тапсыру керек, екінші әдіс кезінде мұрын қуысы мен жұтқыншақтан биологиялық материал алынады. Науқастармен жақын байланыс жасаған адамдар Baribar.kz-ке коронавирусты анықтау үшін қалай тексерілгенін айтып берді. Бұл — маусымда ең көп оқылған материал.

2.“Қорықпаймын”. Мектеп түлектері ҰБТ-ға қалай дайындалып жатыр?

Ойланған оқушы
Иллюстрация: Baribar.kz

21 маусымнан бастап Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатыр. Мектеп түлектері сынақты 5 шілдеге дейін тапсырады. Оған 131 мың 755 түлек қатысады.

ҰБТ басталмас бұрын мектеп түлектері тестілеуге қалай дайындалып жатқанын және алдағы жоспарын Baribar.kz редакциясына айтып берді.

3. Жануар атаулыны қорлауды қалай тыя аламыз?

Жануарларды қорғау
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Елімізде кейінгі кезде жануарларды қорлау дерегі көбейді. Baribar.kz редакциясына түрлі сала маманы хайуандарға қатысты қатыгездіктің себептерін атады. Бірі бұл мәселені заңнын әлсіздігімен байланыстырса, енді бірі жануарларды қорлаудың негізгі себебі адамгершілікке баулитын тәрбиенің болмауы және агрессия себептерінің зерттелмеуі екенін айтты. Бұл тақырып Baribar.kz аудиториясына қызық болған топ-3 материалдың қатарына кіреді.

4. Алматыдағы Бас ботаника бағынан нені тамашалауға болады?

қыз бен жігіт, бақ
Фото: Бақдәулет Абдуали

Жақында Алматының Бас ботаника бағы қайта ашылды. Баққа былтырдан бері жөндеу жасалды. Қазір мұнда келушілердің қарасы көбейген. Baribar.kz тілшілері де жаңарған демалыс орнын тамашалап, оқырманға Бас ботаника бағынан нені көруге болатынын айтып берді.

5. 800 мыңдай шыны бөтелкеден үй салған шебер

Бөтелкеден салынған үй
Бөтелкеден салынған үй. Фото: Гүлім Еркінбек

Алматының іргесіндегі Бүркіт ауылының тұрғыны Оқап Мұқажан шыны бөтелке жинап, одан қалай екі қабатты үй салған. Оқап Мұқажан екі қабатты үйді салуға бір жыл ішінде 800 мыңдай бөтелке жинаған.

Оның айтуынша, бөтелке жылуды жақсы сақтайды. Қыста үй жылы, жазда салқын. Жауын-шашын мен аяз күндері үйінің еш жері бүлінбеген. Қазір екі қабатты үйдің ішкі құрылысы аяқталған. Бөтелкеден салынған баспанада Оқап Мұқажан жұбайымен, келін-баласымен, немерелерімен тұрады. Ерекше құрылыс туралы материал да ең көп оқылған.