Дәрігер қазіргі пандемияны ХХ ғасырдың басындағы «испан тұмауымен» салыстырып, коронавирустың жаһан ауқымында тарауы «ДДҰ-да болжағандай өршіп келе жатқанын» атап өтті. Ол коронавирус инфекциясына байланысты Еуропада және дүниежүзінің басқа да өңірлеріндегі карантин шараларының босаңсуы аясында мәлімдеме жасаған.
Испан тұмауы мен COVID-19 екеуі бірдей болып тұр. Жазда ол сәл азайып, қыркүйек, қазанда өрши бастады. Нәтижесінде екінші толқын кезінде 50 миллион адам қайтыс болған. Пандемия біз болжағандай болып жатыр, — деді ДДҰ өкілі.
Euronews хабарлауынша, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының мамандары Еуропада шектеу шараларын жойғаннан кейін коронавирустың белсенді таралуына алаңдаған. Сарапшылардың айтуынша, егер шұғыл шаралар қолданылмаса, Еуропа елдерінің денсаулық сақтау жүйесі қайтадан бұзылуы мүмкін.