Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер жүрмейді

Профилактика шаралары үшін 27 және 28 маусым — демалыс күндері қоғамдық транспорт жүрмейді. Автобустарға мұқият дезинфекция жасалады. Қоғамдық транспорт дүйсенбі — 29 маусымда бұрынғы режимге келеді, — делінген хабарламада.

Оған қоса, бұл күндері саябақ, гүлзар, жағалау, жағажай сияқты адамдар көп жиналатын орындар жабық болады.

Барлық сауда орталығы, сауда үйлері, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер жұмыс істемейді. Демалыс күндері азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Жұмыс кестесі 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үй маңындағы азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Базарлар да жабылады. Азаматтар сенбіге дейін қажет өнімдерін сатып алуы керек. Үй маңындағы азық-түлік дүкендерінде қажеттің бәрі бар, – деді қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева.⠀

Өткен «карантин демалысы» сырқаттану деңгейі төмендеуінің оң динамикасын көрсетті. Осы демалыс күндері – 27 және 28 маусымда астанада «үйдегі демалыс» күнін енгізіледі.

Қазіргі уақытта қалада аурудың негізгі екі ошағы отбасылық және ұжымдық болып отыр. Демалыс күндері тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға баруды, медицина қызметін алуды немесе рұқсат етілген жұмысқа баруды қоспағанда, үйлерінен шығуға тыйым салынады, — делінген хабарламада.

Оған қоса, 27-28 маусымда дәріханалардың, көше форматындағы (жаздық) қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл орындар қатаң санитария талаптарын сақтауы керек.