Атмосфераның суық фронты өткеннен кейін Қазақстанның солтүстік бөлігінде кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады және ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 22-27 градус жылыға дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігінде ыстық ауа райы өзгермегенімен бұл өңірдің кей жерінде де найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, — деп хабарлады синоптиктер.
Синоптиктер алдағы тәуліктерде күн салқындайтынын хабарлады
"Қазгидромет" мамандары 23-25 маусым күндері Қазақстанның солтүстігі мен орталығында салқын болатынын хабарлады.