Марат Нұрмағамбетовтің атуынша, «Таза су айдындары-2020» науқанына 300-ге жуық адам қатысып, 55 техника мен жеті қайық жұмылдырылды. Акция соңында 15,9 тоннаға жуық әртүрлі тұрмыс қоқысы мен 1 722 ау-құрал қалдығы жиналды.
Қызылордада «Таза су айдындары-2020», «Уылдырық — 2020» атты табиғат қорғау акцияларын кеңінен насихаттау жұмысы жүргізілді. Су айдындарына жергілікті атқарушы органдар жұмысшы қызметкерлерімен және жануарлар дүниесін пайдаланушылар күшімен ау қалдықтарын жинап, суды қоқыстан тазартты, — деді Марат Нұрмағамбетов.
«Уылдырық» акциясы балықтардың уылдырық шашып, көбею мезгілінде өтеді. Осы мезгілдегі рейд кезінде 96 бұзушылық анықталып, оның 57-сі соттың қарауына жіберілді, заң бұзғандарға айыппұл салынды. Балық аулау ережесін бұзғандардан 62 ау, 819,6 келі балық тәркіленіп, балық қорына залал келтіргені үшін айыппұл өндіріліп жатыр.