Еліміздің бірнеше өңірінде шаңды дауыл тұрады

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, Жамбыл, Түркістан облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде да жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Қызылорда обылсында шаңды дауыл тұрады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Атырау облысында қатты ыстық болады. Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстарының көп бөлігінде, Түркістан, Алматы, Ақмола облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі күшейеді.