Министрліктің мәліметінше, жалпы аумағы 784 мың шаршы метр болатын баспаналар қаржыландырудың барлық көзі есебінен салынады.

Биылғы І тоқсанда салаға 6,4 миллиард теңге инвестиция бағытталып, жалпы ауданы 130,3 мың шаршы метр болатын 922 жеке үй пайдалануға берілді. Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 9,6 миллиард теңгеге 47 жоба іске асып, 1385 адам жұмыспен қамтылады, – делінген министрлік ақпаратында.

Несиеге немесе жалға берілетін 873 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз арендалық баспана құрылысына 22 жобаны іске асыруға 5,3 миллиард теңге қарастырылған. І тоқсанда бұл мақсатқа 60 миллион теңге аударылып, ол толықтай игерілді. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 43,8 мың шаршы метр болатын 680 жалға берілетін пәтер пайдалануға беріледі.

Халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарына, көпбалалы отбасыларға берілетін баспаналардың құрылысына 825 адам жұмысқа тартылады. Ал несиелік тұрғын үй құрылысына 17 жобаны іске асыру үшін 1,9 миллиард теңге қарастырылған. Оған 12 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 193 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ол жобаларды іске асыру үшін 301 адам жұмыспен қамтылады.

Сонымен қатар 2% несиемен «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 309 баспананы қарызға беруге республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге қарастырылып отыр. Облыста тұрғын үй құрылыстары жүріп жатқан аумақтарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға сегіз жоба іске асырылады. Ол мақсатқа 2,4 миллиард теңге бөлінеді. Бұл жобалар бойынша 259 жұмыс орны ашылады.