Солардың қатарында «Алматы облысындағы агротуризм» тақырыбында өткен вебинарды атауға болады. Агротуризм қала тұрғындары арасында үлкен танымалдыққа ие. Жыл сайын туристерді қабылдайтын агрофермалар саны артып келеді. Спикерлер ретінде «На100ящий мед» омартасының директоры Павел Коновалов, «Нұрлы Тау» отбасылық ойын-сауық кешенінің директоры Халық Рахима, Eco Fermer директоры Денис Тен, Complete Service туристік компаниясы ішкі туризм департаментінің басшысы Раушан Сартаева қатысты. Фермерлер жоспарларын бөлісіп, Төтенше жағдай режимін аяқтағаннан кейін қонақтарды тағатсыздана күтетіндерін айтты.
«Алматы облысындағы емдеу-сауықтыру туризмі» тақырыбындағы вебинарға «Алатау Маралы», «Ақ бұлақ», «Ulan hot spring resort» демалыс орындарының және «Жаркент Арасан» шипажайының директорлары қатысты. «Емдеу-сауықтыру туризмі» — Туризмдегі ең басым бағыттардың бірі. Осы вебинар барысында қатысушылар өздерінің демалыс аймақтарын таныстырып, алдағы маусымға болжам жасайды.
Бірер айдан соң Алакөл жағажай маусымы ашылатындығы белгілі. Бүгінгі таңда Scat және «Жетісу» әуе компаниялары демалушыларды көлге тасымалдау қызметін көрсетеді. «Республикалық әуе компанияларының демалыс маусымына байланысты күн тәртібінде тұрған мәселелері» тақырыбындағы вебинар барысында осы бағыт бойынша қосымша рейстер ашу туралы мәселе және жағажай маусымы кезінде билеттерді алыпсатарлық мәселесін шешу жайы талқыланды. Вебинарға қатысушылардың сұрақтарына «Жетісу авиакомпаниясы» АҚ жолаушылар тасымалын ұйымдастыру қызметінің басшысы Мадина Оспанова, Scat авиакомпаниясының маршруттарды басқару бөлімі бастығының орынбасары Андрей Бибер жауап берді.
«Жетісу брендінің кәдесый өнімдерін танымал ету» тақырыбындағы вебинар Алматы облысының қолөнершілеріне арналды және қолөнер тақырыбына қызығушылық танытқан көптеген қатысушыны жинады.
Алматы облысының туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы туризм саласындағы вебинарларға қатысуға қызығушылық танытқан барлық азаматты алдағы вебинарларға қатысуға шақырады.