Сәкен Қалқаманов бұл ақпаратты Facebook-парақшасында жариялады.
Мақтаарал ауданының су басқан барлық елді мекенінен су тартылды. Әкімдіктің, «Казводхоз» компаниясының, Төтенше жағдайлар комитетінің, әскерилер және Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің қажырлы еңбегінің арқасында Сардоба су қоймасының суын аз уақыт ішінде каналдар мен коллекторларға қайтарып, жаймашуақ өмірді қалпына келтіруге мүмкіндік туды, — деді Сәкен Қалқаманов Facebook-парақшасында.
Айта кетейік, Өзбекстандағы Сардоба суқоймасының бөгеті 1 мамырда жарылды. 2 мамырда сағат 04.30 шамасында Мақтаарал ауданының өзбек шекарасындағы коллекторына су толып, одан соң бірнеше елді мекенді тасқын басты. 31 мыңнан астам тұрғын баспанасын уақытша тастауға мәжбүр болды. Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.