Солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жаңбыр қатты жауады. Кей жерде найзағай соғады, тұман түседі, дауыл соғып, жел күшейеді, бұршақ жаууы да ықтимал. Ауа температурасы төмендейді, тек республиканың оңтүстігінде жоғары болады, — деп хабарлады синоптиктер.
Сонымен бірге ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста ескерту жарияланды.
19 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. 19-20 мамыр күндері тәулік бойы найзағай соғады, дауыл күшейеді, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан екпіні секундына 25 метр болатын жел соғады.
19 мамыр күндіз Атырау облысында найзағай соғады, дауыл күшейіп, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
