Finprom.kz-тің хабарлауынша, Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды.
Елімізде жұмыссыздар саны 442,4 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 0,1% азайған. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында қалада тұратын жұмыссыздар саны 266,1 мың болса, ауыл тұрғындарының 176,3 мыңы жұмыс істемейді.
Елімізде жұмыс істемейтін әйел саны — 238,4 мың, ерлер — 204 мың.
Жұмыссыз жүргендер Алматыда көп, барлығы — 51,5 мың адам. Сонымен қатар халық тығыз орналасқан Алматы облысы мен Түркістан облысында да жұмыссыздық басым. Алматы облысында 48,1 мың адам, Түркістан облысында 41,6 адам жұмыс істемейді.
Жылдың алғашқы 6 айында Нұр-Сұлтанда жұмыссыздар қатары күрт өскен. Өткен жылы мұнда 24,9 мың адам жұмыссыз болса, биыл бұл көрсеткіш 6,9% өсіп, 26,6 мың адамға жетіп отыр.
Статистика комитетінің мәліметінше, адамдар мына бес себеп бойынша жұмыссыз:
- 110,5 мың адам өз еркімен жұмыстан кеткен;
- 102,4 мыңының қызметке орналасуға мүмкіндігі болмаған;
- 68,5 мың адам жеке немесе отбасы жағдайына байланысты жұмыссыз;
- 39 мың адам үй қожалығына байланысты жұмыс істемейді;
- 30,4 мың адам қызметкерлерді қысқарту себебімен жұмыссыз қалған.