Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 маусымнан бастап теміржол қызметінің іске қосылатынын хабарлады. Әзірше пойыздар тек ішкі рейстер бойынша жолаушы тасымалдайды. Осыған байланысты мынадай шаралар қатаң сақталады:
- Вокзал ғимаратына тек жол жүру билеттері бар азаматтар кіреді.
- Вокзалдағылардың бәрі міндетті түрде маскамен жүруге тиіс.
- Жолаушыларды шығарып салатын адамдар вокзал ғимаратына кірмейді.
- Вокзал ғимаратына кірерде жолаушының температурасы байланыссыз жолмен өлшенеді.
- Жолаушылар пойызға отырғанда және пойыздан түсерде басқа адамдармен арақашықтық сақтауы керек.
- Вагондар арасындағы жолаушылар қозғалысы шектеледі. Бірнеше адам болып жиналуға болмайды.
- Әр вагонға антисептик пен дезинфекция ерітіндісі қойылады.
- Жол бойы вагондағы жолаушыларға сауалнама жүргізіледі.
- Вокзал ғимараты мен вагондардағы кондиционер, ауа алмастыру жүйесі және ауа алмастыру фильтрлері тексеріледі.
- Вокзал ғимараты мен пойыздарды дезинфекциялау режимі қатаң сақталады.
- Теміржол қызметкерлері мен жолсеріктер ауысым алдында және рейстен бұрын температурасын өлшетіп, тексеріледі.