Мәжіліс балаларға екпе салдыруды міндеттейтін кодекс жобасын мақұлдады

Депутат Зәуреш Аманжолованың айтуынша, талқылау нәтижесінде жобаға 117 тузету енгізілді. Тек екі тузету қабылданбаған. Оның бірі — Профилактикалық екпе салу туралы баптағы «міндетті» деген сөзді «құқылы» сөзіне ауыстыру. Екіншісі — екпе салынбаған балаларды балабақшаға қабылдамау туралы норманы алып тастау.

Бұл екі тузету қабылданған жоқ. Нәтижесінде, барлық вакцинация міндетті және ерікті болып екіге бөлінді. Ал балаларды балабақшаға мекеменің «ұжым иммунитеті» деңгейіне қарай кіргізеді, — дейді депутат Зәуреш Аманжолова.

Естеріңізге салсақ, міндетті вакцинацияны енгізу туралы норма Қазақстан азаматтары арасында дау тудырған еді. Көпшілік міндетті вакцинацияға қарсылығын білдірді. Бұған Денсаулық сақтау министрлігі балаларға вакцина ектірмеу БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы және Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы заң бойынша балалар денсаулығын қорғау құқығын бұзу екенін мәлімдеген еді.