Үй-жайды желдету
Өкпесі ауыратын адамдарға лас ауа зиян. Сондықтан олар үй-жайды 2 сағат сайын кемінде 30 минут желдетуі керек. Дегенмен үйдегі қарт адамдар мен балаларды терезе ашқандағы өтпе желден сақтауды да ескерген дұрыс. Бөлмедегі температура деңгейі 19 градустан 22 градусқа дейін болуы қажет. Лак-бояу материалдары және ауа тазартқыш сияқты күшті химия өнімдерін пайдаланбауға тырысу керек, себебі олар тынысалу жолдарын тітіркендіріп, ауруды асқындыруы мүмкін.
Денені шынықтыру
Адам дене шынықтыруға арналған жаттығуларды күнделікті жасаса, өкпе мен бұлшық еттің жұмысы жақсарады. Жаттығу ентігуді азайтуға, аяқтың шаршауын бәсеңдетуге, бұлшық еттер мен иммун жүйені нығайтуға және өзін жақсы көріп, көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі.
Тазалық сақтау
Үй-жайды үнемі ылғалды тазалап отыру қажет. Бұлай тазалау бөлмедегі шаңды басып, ауаның ылғалдығын арттырады. Ал микробтарды жою үшін қауіпсіз дезинфекциялау құралдарын пайдалануға болады. Сонымен бірге адам жеке гигиенаны сақтауы қажет. Көздің, ауыздың, мұрынның шырышты қабығына қол тигізер алдында, тамақ ішпес бұрын және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу керек.
Дұрыс тамақтану
Дұрыс тамақтану күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналғаны дұрыс. Тамақтану рационына көптеген жеміс пен көкөніс қосуға тырысу керек. Дәрігерлер адамның көңіл-күйі көтеріңкі кезде күніне үш-төрт рет тамақ ішуді ұсынады. Керісінше, көңіл-күйі болмағанда, порциясын аз етіп, бес-алты рет жеңіл тамақтану қажет.
Темекіден бас тарту
Темекі шегу — өкпе аурулары дамуының негізгі себептерінің бірі. Ол өкпе альвеоласының қалыпты қызметін нашарлатады. Сондықтан өкпе ауруы бар адамдар темекі шекпегені дұрыс. Шылымнан бас тарқан адамның тынысалу функциясы жақсарады, өкпе аурулары белгілерінің күшеюі мен асқыну жиілігі бәсеңдейді, өкпе обырының даму қаупі төмендейді. Оған қоса адамның жұқпалы ауруларға қарсы иммунитеті артады.
Дәрігердің ұсынған емін дұрыс қабылдау
Созылмалы өкпе ауруы бар көп адам өкпе қызметін жақсартатын ингаляция препараттарын қабылдайды. Карантин кезінде де оларды уақтылы және дұрыс пайдалануды ұмытпау керек. Адам өзін жайсыз сезінсе, дәрігерді үйіне шақырғаны жөн.