Алматыда карантин режимі сақталады

Карантин режимі аясындағы шектеу шаралары 11 мамырдан бастап штабтың ерекше өкіміне дейін жалғасады.

Қаланың периметрі бойынша орналасқан блокпостар бұрынғы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қалада жүргенде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары қатаң сақталуға тиіс. Сонымен қатар штабтың шешімімен қалада жұмыс істеуіне рұқсат берілген кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлеріне ғана жүріп-тұруға болады. Атап айтқанда:

— мемлекеттік және құқық қорғау органдары;
— коммунал қызметтер;
— өнеркәсіп;
— құрылыс;
— жоба ұйымдары;
— жылжымайтын мүлік агенттіктері;
— ХҚКО (заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін);
— нотариустар;
— адвокатура;
— азық-түлік дүкендері мен базарлар;
— кафелер мен мейрамханалар (өзімен алып кетуге ғана болады);
— медицина клиникалары;
— стоматология;
— зертханалар;
— дәріхана;
— көлік және логистика;
— дистрибуция;
— ЖҚС;
— онлайн жеткізу;
— екінші деңгейдегі банктер және басқа да қаржы ұйымдары (50%-ке дейін);
— сақтандыру;
— ломбардтар;
— бизнеске арналған кәсіби қызметтер (консалтинг, аудит және бухгалтерлік қызметтер);
— ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
— азық-түлік емес дүкендер, жалпы ауданы 500 шаршы метрге дейін;
— ТҚС, көлік жуу және шиномонтаждау;
— шаштараз;
— фотосалондар;
— гүл павильондары;
— химиялық тазарту (кір жуу орындары);
— техника және аяқ киім жөндеу орындары;
— баспа үйлері;
— айырбастау пункттері;
— ветеринар қызметтері.

Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін).

Осыған байланысты азаматтарға карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керек екенін ескертеміз. Карантинді бұзу (қызметті рұқсатсыз жүзеге асыру, оның ішінде жұмысқа шығу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, — делінген хабарламада.

Бүгін, 11 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Төтенше жағдай режимі аяқталса да, қалалар мен аудандарда карантин талаптары сақталады.

11 мамырда сағат 09.25-те Қазақстанда коронавирус инфекциясы анықталған адамдардың жалпы саны 5 126 болды. Коронавирустан 1 941 науқас айықты. 31 адам қайтыс болды.