Жеңістің 75 жылдығында ауа райы қандай болады?

Ауқымды антициклонға байланысты 7 мамырда елдің көп бөлігінде күн ала бұлтты және жауын-шашынсыз болады.

Одан кейінгі күндері ауа райына республиканың батыс және оңтүстік өңірлеріне келетін оңтүстік циклонының жылы секторы ықпал етеді. Сол себепті аспан көшкен бұлтқа толып, жаңбыр жауады, кей жерде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр күшті болады, бұршақ жаууы ықтимал, — деп хабарлады синоптиктер.

Мамандардың мәліметінше, 7-9 мамыр күндері республиканың бүкіл аумағында температура фоны жоғарылайды.