Қасым-Жомарт Тоқаев 100-ге жуық қызметкерді наградтады

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, І дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы Санжар Әділов, Мемлекеттік күзет қызметінің Президент күзет қызметі бастығының орынбасары Сәкен Исабеков, Қорғаныс министрлігі бөлім командирінің орынбасары — №14776 әскери бөлімі орталығының бастығы Рахат Қарсембаев, Қорғаныс министрлігі бас инспекциясы әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі мен даярлығы инспекциялық басқармасының бастығы — бас инспекция бастығының орынбасары Төлеуқан Нұрқанов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы Александр Пеньков, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Мемлекеттік күзет қызметі айрықша мақсаттағы күштерінің «Айбын» Президент полкінің 1-санатты маманы Ғалымжан Әлиев, «Құрмет» орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті үкіметтік байланыс қызметінің директоры Тамерлан Жұмағалиев, «Ерлігі үшін» медалімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аса маңызды істер жөніндегі офицері Айдос Бесжанов, Нұр-Сұлтан полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Ерлан Жаңабаев, Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті жедел департаментінің аға жедел уәкілі Мирас Құрбанов, Нұр-Сұлтан төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Сергей Мазур, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің офицері Шолпан Тауышова, Қорғаныс министрлігі №44813 әскери бөлімі С-300 зениттік зымыран дивизионының командирі Александр Томилин марапатталды.

Ордендермен барлығы 45 адам, медальдермен 53 адам және Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен үш адам наградталды.

Бұған дейін қорғаныс, құқық қорғау және ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар мен шендер берілген еді.