Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтары өрт салдарынан қаза тапты

Фото: Baigenews.kz

29 сәуірде Ичхондағы логистика қоймасының құрылыс алаңында өрт болып, салдарынан 38 адам қайтыс болған, 10 адам жарақат алды. Өрт құрбандары әлі іздестіріліп жатыр.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-ының аты-жөні анықталған. Соның ішінде екеуі Қазақстан Республикасының азаматы екені белгілі болды. Сеулдегі дипломаттарымыз жергілікті билікпен байланыста, — деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қойма құрылысында 80-ге жуық адам жұмыс істеген. Сол себепті өрт құрбандарының саны әлі де көп болуы мүмкін.

Мақалаға реакция