42 500 теңге: қызметкердің келісімінсіз өтініш беруге бола ма? 

жеке мәлімет
Иллюстрация: Dribbble.com/©Jason Peng

Үкімет төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға арнап тағайындаған 42 500 теңгеге қатысты сауал көп болды. Мүлдем табыссыз қалмағанымен кірісі азайған азаматтар да бұл әлеуметтік көмекті ала ма? Компанияларға қызметкері атынан өтініш беруге бола ма? Сұрақтарға заңгерлер жауап берді. Бұл — сәуірде ең көп оқылған материал.

Мұғалімдер WhatsApp мессенджерін қалай дұрыс қолдануы керек?

WhatsApp
Иллюстрация: Dribbble.com/©Chiara

Қазақ тілі маманы, аудармашы, медиатренер Назгүл Қожабек қазіргі кезде қашықтан білім беріп жатқан педагогтарға арналған шағын нұсқаулық жазды. Онда мұғалімдерге оқушылармен және ата-анамен қарым-қатынас жасауда мессенджерді қалай пайдаланған дұрыс екені түсіндіріледі. Сәуірде бұл туралы материал да көп оқылған.

Адыраспан адамды қандай аурулардан қорғай алады?

Адыраспан
Фото: Komron.info

Ғылым Peganum harmala, халқымыз адыраспан дейтін жабайы өсімдіктің коронавирус инфекциясына қарсы әсері бар ма? Жалпы, оның қандай емдік қасиеті бар? Baribar.kz редакциясының сауалдарына ботаник, инфекционист пен фитотерапевт жауап берді. Бұл да сәуірде біздің портал оқырманына қызық болған топ-3 материалдың қатарында.

Үйлену тойына карантин кедергі болғандар не істегелі отыр?

той, карантин
Иллюстрация: Dribbble.com/©Olga Semkło

Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин үйлену тойын жасағалы отырғандардың жоспарын бұзды. Шаңырақ құруға ниеттенгендер бұл мәселені қалай шешті? Baribar.kz тілшісі Наргиза Аршидин карантин салдарынан үйлену тойы болмай қалған жастардың көңіл-күйін білді.

Коронавирус ауыл тұрғындарының өмір салтын қалай өзгертті?

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Коронавирустың таралуын тоқтату үшін енгізілген карантин ауыл тұрғындарының әдет-дағдысын өзгерте бастаған. Журналист Таңшолпан Бегалықызы сөйлескен тұрғындар бұрынғыдай көрші-қолаңға бас сұғу мен қонаққа бару тыйылғанын айтты. Коронавирус ауылға барды ма? Орталықтан шалғай елді мекендер халқы бұл жұқпалы аурудан қалай сақтанып жатыр? Материал осы жөнінде.

Төтенше жағдай режимінің салдары қандай болуы мүмкін?

Коронавирус, карантин
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Қазақстанда төтенше жағдай режимі мен қатаң карантин аяқталған соң азаматтардың өмірі қалай өзгеруі мүмкін? Қандай қиындыққа дайын болуымыз керек? Пандемия қандай мәселелердің басын ашып берді? Мамандар қазіргі ахуалды талдап, пікір айтты.

Дәрігер карантин кезінде қалай тамақтанған дұрыс екенін айтты

Дұрыс тамақтану
Иллюстрация: Dribbble.com/©Yuki Raudhul Rizky

Медицина ғылымдарының докторы Ерболат Дәленов коронавирус пандемиясы кезінде қалай тамақтанған дұрыс екенін айтты. Дәрігердің айтуынша, жұқпалы аурулардан қорғану үшін адамның рационында жеміс-жидек пен көкөніс болуы керек, дені сау адамдар тәулігіне 1,5-2 литр су ішуі керек. Кешкісін тамақты ұйқыға жатардан 3 сағат бұрын ішу керек және ол кезде ет, ұн өнімдері сияқты ауыр тағам жемеген дұрыс. Карантин кезіндегі тамақтану сәуірде Baribar.kz оқырманын көп қызықтырған тақырыптардың бірі болды.

Айбек Қуатбай: Мектептегі екі пән оқушыларға пайда бермей отыр

Айбек Қуатбай
Айбек Қуатбай Иллюстрация: Baribar.kz

Білім және ғылым министрлігі төтенше жағдай кезінде қашықтан білім алудың балама жолы ретінде ұсынған ресурстардың қатарында Daryn.online платформасы болды. Карантинге дейін 20 мың адам қолданып жүрген ресурсқа бір ай шамасында 2,5 миллион оқушы тіркелді. Неге бұлай болды? Платформаның оқушыларға берер пайдасы қандай? Сауалдарға жобаға иелік етуші ұйымның басшысы Айбек Қуатбай жауап берді.

Коронавирус жүкті әйел мен құрсақтағы нәрестеге бірдей жұға ма?

Жүкті әйел
Иллюстрация: Dribbble.com/©Tejal Mistry

Пандемия өрши бастаған кезде көпшілік білгісі келген сауалдардың бірі осы болды. «Коронавирус салдарынан іштегі сәби түсіп қалуы мүмкін» деген жалған ақпарат тарады. Кейін дүниежүзі мен Қазақстанның мамандары COVID-19-дың құрсақтағы және емшектегі балаға берілетіні дәлелбегенін мәлімдеді. Елімізде сәуірдің соңына дейін коронавирус жұқтырған бірнеше жүкті әйел дүниеге сап-сау баланы өмірге әкелді. Материалдан коронавирустың жүктілікке әсері туралы және карантин кезінде босануы мүмкін келіншектерге арналған кеңесті оқуға болады.

Коронавируспен күрес: өкпені жасанды жолмен желдету деген не?

Фото: Rtmagazine.com

Коронавирус жұқтырғандарға қатысты үздіксіз ақпаратпен бірге өкпені жасанды желдету аппараты туралы көп ести бастадық. Бұл қандай аппарат? Науқастардың өмірі оған қаншалықты тәуелді? Қазақстанда пациентке жасанды деп беретін қанша аппарат бар? Димаш Зиядиннің шолуы ең көп оқылған топ-10 материалдың қатарында.