Оның айтуынша, сәуірдің соңына дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3 400-ге жуықтайды.
Мамырдың соңына дейін шамамен 5 300 жағдай болады деп болжап отырмыз. Болжамымыз бұрынғыдан өзгерді, ауруды адамдардың шекаралас аумақтардан жұқтырып әкеліп жатқан жағдайлары өте көп. Кейінгі 2 аптада 200-ден астам жағдай болды. Бұл цифр қауіп іште ғана емес, сыртта да екенін көрсетіп отыр, соған байланысты біз ауру жұқтырғандар санына қатысты болжамымызды өзгерттік, — деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер Денсаулық сақтау министрлігінің онлайн баспасөз мәслихатында.
Айжан Есмағамбетованың айтуынша, сәуірде коронавирус жұқтырғандардың 52%-і профилактикалық тестілеу нәтижесінде анықталды. Мұндай тестілеу медицина қызметкерлері, әскерилер, полицейлер, әкімдік қызметкерлері, шұғыл қызмет жұмысшылары, арнайы медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдар сияқты вирус жұқтыру қаупі жоғары топ өкілдеріне жүргізілген. Пациенттердің 14%-і ауруды шетелден жұқтырып келген. Сәуірде ауруды сырттан жұқтырғандардың көбеюіне бізбен шекаралас елдерде коронавирусқа қатысты эпидемиология ахуалының нашарлауы себеп. Сәуірде коронавирус жұқтырғаны анықталғандардың 11%-і ғана — медицина мекемелеріне ауру белгісімен өздері хабарласқандар.
Кейінгі аптада, тұтас алғанда, елде коронавирус жұқтырудың өсімі 8%-тен кешегі 5,5%-ке дейін, яғни бір аптада 2,5% төмендеді. Дегенмен жекелеген өңірлерде адамдар көрсеткіш азаймай тұр, біз «өңірлер әлі де ауырып жатыр» деп айтамыз. Өңірлерде ауру жұқтыру деңгейі толқын тәрізді сипат алып тұр. Өсім бір өңірде біресе 0%-ке дейін, біресе 40%-ке дейін өзгеруі мүмкін. Бұл — қазіргі карантин шараларын режим босаңсыған күннің өзінде де жалғастыра беру қажет деген сөз, — деді Айжан Есмағамбетова.
Опубликовано Министерство здравоохранения Республики Казахстан Среда, 29 апреля 2020 г.