Коронавируспен күресуші медицина қызметкерлері салық төлемейді

Коронавирусқа қарсы жұмысқа қатысып жатқан медицина қызметкерлері биылғы 1 наурыздан бастап салық түрлері мен әлеуметтік төлемдерден босатылды.

Дәрігерлер, коронавирус
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Төтенше жағдай режимі жөніндегі мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысы бойынша осындай шешім шығарылып отыр.

Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеумен және инфекцияның таралуын тоқтатуға қатысты басқа да жұмыспен айналысып жатқан медицина қызметкерлері төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, міндетті зейнетақы жарнасынан, әлеуметтік аударымдардан және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасынан босатылды.