Қарасайдағы әскери міндеттілер алғашқы болып іске кірісті

200-ден астам өтініш білдірген әскери міндеттілердің ішінен 78 азамат іріктелді.

Осылайша ел үмітін арқалаған ерлеріміз әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімде тізім бойынша түгенделіп, Қаскелеңдегі №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне тұрақтандырылды. Өйткені дәл осы орталық арнайы казарма ретінде жабдықталған.

Келе салысымен әрқайсысы құжаттарын өткізіп, әскери формаларын түгендеп, темірдей тәртіпке қайта оралды. Әскерилердің барлығы — бір ауданның ер-азаматтары.

Енді олар алдағы күндері індет анықталған карантин аймақта жүргендіктен басқа адамдардың қауіпсіздігі үшін осы казармада аудан әкімінің шешіміне сәйкес ең аз дегенде 10 күн немесе 3 айға дейін уақытша казармада тұрады.