Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер ел...

Синоптиктер ел тұрғындарына жайсыз ауа райынан сақтануды ескертті

Алматы, Павлодар облыстарында кей жерде найзағай ойнайды, батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі.

Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Кей жерде тұман түседі, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан, батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, кей жерде бұршақ пен қатты жаңбыр жауады, тұман түседі, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі.  Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда облысында күн күркірейді, жаңбыр жауады, шығыстан, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді.

Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшуі мүмкін.