Басты бетҚоғамҚармақшы ауданында...

Қармақшы ауданында 15 шақырым болатын арық қазылады

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентіндегі көшелерге жаңадан арықтар қазу және көше аралық арықтарды тазалау жұмысымен танысып, кент әкімі мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Жосалы кенті
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұрғындардың аулаларында бау-бақша егуі үшін кентте жаңадан арықтар қазылып, қолайлы жағдай жасау арқылы тұрғындардың көгалдандырумен айналысып, жас ағаш көшеттерін отырғызып, көркейіп-гүлденуіне жол ашады деп сенемін. Өлкеміздің көркейіп гүлденуі, сәулеті мен дәулетін тасыту — сіз бен біздің перзенттік айнымас міндетіміз, – деді аудан басшысы.

Қазіргі уақытта 15 шақырым көлемінде кентішілік аяқ-су арықтарын қазу жоспарланған.

Сонымен қатар бүгінде Жосалы кентінде орналасқан «Дендропарк» саябағы қайта қалпына келтіріліп, жаңадан ағаш көшеттерін отырғызу, аяқ-сумен қамту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.