Аптаның соңында Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс өңірлеріне Атлантика циклоны ықпал етеді.
Бұл өңірлерде найзағай ойнап, екпінді жел соғады, жаңбыр жауады. Республиканың қалған аумағында ауа райы қолайлы, жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы солтүстікте 20-28 градусқа дейін, ал оңтүстікте 25-33 градусқа дейін көтеріледі. Елдің кей жерінде тұман түседі, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.
Синоптиктер 18 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейетінін ескертіп отыр.