Almaty Towers ғимаратындағы өрттен 6 адам қаза тапты

«2016 жылғы 06 қарашада сағат 18.04-те Бостандық ауданы Байзақов көшесіндегі мекенжайда болған өртке қатысты қосымша ақпарат. Өрт орнында қалып қойған жекелеген тұтануы мүмкін ошақтарды сөндіру және үйінділерді тазарту үшін жүрген жетекшіден келіп түскен ақпарат бойынша, нысан әкімшісі тағы да 5 адамның із-түзсіз кеткенін мәлім еткен. Жоғалған төртеудің мүрдесі 6-қабаттан табылды. Олар монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше кешке  «Almaty towers» ғимаратында өрт шықты. Жалын 1800 шаршы метрді шарпыды. Ғимараттан алдымен 54 жастағы дәнекерлеушінің мәйіті табылған еді. Өртті ауыздықтауға 150 адам, 34 техника тартылды. Сондай-ақ Ұлттық гвардиядан  — 50 адам, Алматы ІІД-ден 65 адам, 31 техника жұмылдырылды.

ДереккөзҚазАқпарат