Қазақстанда төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзарды

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы 7-бабының 3-тармағына сай қаулы етемін: Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» № 285 жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын, — делінген Президент жарлығында.

Құжатта Үкіметке орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірге осы жарлықтан туындайтын қажет шараларды қолға алу жүктелген. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін сәуірдің соңына дейін ұзарту қажет екенін айтқан еді.